«Рухани жағыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2021- жылдың 05-ші мамырында Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистентерінің ұйымдастыруымен онлайн форматта – ZOOM конференциясы арқылы Абайдың «Жидебай -Бөрлі» мемлекеттік қорық мұражайына экскурсия өткізілді.
Экскурсияға жалпы медицина мамандығының 4311, 4304, 4305, 4419 топтарының студенттері қатысты. Экскурсияны мұражайдың ғылыми қызметкерлері Бейсенбинова Г.Т. және Байдаулет А. жүргізді. Осы танымдық саяхат барысында студенттер Ұлы Абай шығармашылығымен, өмірінің айшықты белестерімен, пайдаланған тұрмыс заттарымен танысты. Мұражайдағы заманауи интерактивті құрылғылар және Абайдың айнытпай жасалған мүсіні студент қауымын тәнті етті.
Экскурсия аяғында барлық қатысушылар, Абай Құнанбаевтың өмірін қызықты баяндап, ұлы тұлғаның шығармашылығына бір табан жақындатқан мұражай қызметкерлеріне алғыс айтып қоштасты.