2021 жылдың мамыр айының 6-ы күні 2 курс резидент-неонатологтары мен физикалық медицина және реабилитация 1 курс резиденттерімен бірлесе, тәлімгерлері Алимбаева А.Р, Аильбаева Н.М. және Тайоразова Г.Б. басшылығымен «Ұрықтың және нәрестенің құрсақішілік гипоксиясы, жедел асфиксия түсінігі. Реабилитация әдістері. Құрсақішілік асфиксия басынан өткерген нәрестелерді участікте бақылау» тақырыбында горизантальді интегрирленген сабақ өткізілді. Аталған сабақтың мақсаты жаңа ақпараттармен алмасу және тәжірибеде қолдану болып табылады. Семинарда нәрестенің ОЖЖ бұзылыстарына алып келетін факторлар, оның салдары және реабилитациясы толығымен талқыланды. Резидент –неонатологтар гипоксияның негізінен құрсақішілік кезеңде дамитындығын, әсіресе өте аз салмақты нәрестелер және экстремальды аз салмақты нәрестелерде болатындығын атап өтті. ОЖЖ қатар перинатальды кезеңде гипоксия барлық маңызды ағзалар мен мүшелерге кері әсері етеді, ол өз кезегінде бас-ми зақымдалуындағы қайтымсыз әрекеттерді үдетеді. CBL, «миға шабуыл», клиникалық жағдайды талқылау түрінде кері байланыс жасалып, алған ақпараттарды бекіттік. Сабақ қызықты болды.
Нәрестелерге қатысты алдыңғы қатарлы отандық мамандар «абилитация- адекватты жастық дағдылардың қалыптасуы үшін жағдай жасау»- терминін қолдануды қолдайды. Соған қарамастан «реабилитация» термині отандық және шет елдік әдебиеттерде кең таралған, және перинатальды патологиясы бар балаларды, реабилитацияның І, ІІ кезеңінен бастап, амбулаторлық –поликлиникалық көмек кезеңіне дейін қалпына келтіруші емді жүргізіуді қамтиды. Қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі – асфиксияның салдары, оған себептер – уақытында реабилитацияны жүргізбеу, нақтылайтын болсақ реабилитацияның І кезеңі, ата-аналардың ақпараттан құлағдар болмауы, перинаталдық орталық, босану үйлерінің шығару эпикриздерінде анамнездің толық болмауы.
Шала туылған нәрестелер сәтті реабилитациясы үшін, шала туған нәресте ағзасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін, жүйкелік-психикалық заңдылықтарын, моторлық дағдылардың қалыптасуы мен ОЖЖ зақымдалу дәрежесін ескере отырып жасалынған бақылау мен емдеудің біріңғай әдістемесі қажет. Сондықтан семинарда Алимбаева А.Р-н бірге рефлекстік доға физиологиясын еске түсірдік. Жүргізіліп жатқан терапияның тиімділігінің басты критериі физикалық, психикалық даму темптерінің қалыпқа келуі, түзетілген жасы мен нақты жасының арасындаға айырмашылықты біртіндеп қысқарту, сондықтан жақсы нәтижелерге жету үшін мультидисциплинарлы топта жұмыс жасау қажет. Физикалық медицина және реабилитация резиденттері де нәрестелер реабилитациясы туралы ақпараттармен бөлісті, «Тоқтамыс»клиникалық базасында қалыпты физиологиялық дамудағы 1 жасқа дейінгі балаларға жүргізілетін тәжірибелік дағдыларды бейнероликте көрсетті. Сабақ соңында балалардың кешенді реабилитацияся жүргізілетін «Тоқтамыс» орталығымен таныстыру жүргізілді.