2021 жылдың 3 мамырынан бастап университет психологтары Айгерім Асылбекова және Эльмира Жакупбекова бірінші курс студенттеріне кесте бойынша психологиялық тренингтер өткізуде. Психологиялық тренинг – бұл студенттердің өз іс-әрекеті, мүмкіндіктері, шектеулері, ережелері мен проблемаларымен топтық жұмыс түрі. Онда қатысушылар өздерін дұрыс қабылдауға, тұлғааралық қатынастарға (топтағы ресми және бейресми ұйымдастырушылық қатынастардың ерекшелігі және олардың арасындағы байланыс), топтағы демократиялық деңгейге, топтың психологиялық үйлесімділігінің оңтайлы деңгейіне жетуге үйренеді.
Тренинг көңілді атмосферада өтуде, әр жаттығуда студенттер өз қызығушылықтарын көрсетіп, тапсырмаларды креативті шешуге, командада жұмыс істеуге тырысады. Өткізіліп жатқан тренингтер әрбір студентке өзін сенімді сезініп, топта жағымды психологиялық атмосфераны құруға көмектесті. Кездесудің басты міндеті – топтағы шиеленісті болдырмау, топты біріктіру, сонымен қатар, білім алушыларға сессияға дайындықта психологиялық көмек көрсету.[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]
[/vc_column][/vc_row]