Халықаралық мейіргерлер күніне орай олимпиада өткізілді

Халықаралық мейіргерлер күніне орай олимпиада өткізілді

12-18 мамыр аралығында Семей медицина университетінің мейіргер ісі кафедрасының ұйымдастыруымен халықаралық Мейіргерлер күніне орай студенттер арасында олимпиада өткізілді. Олимпиада үш кезеңнен тұрды: видео ролик дайындау, эссе жазу және топтарға бөлініп виктарина сұрақтарына жауап беру. Олимпиадаға СМУ мейіргер ісі мамандығының студенттері және Қостанай жоғарғы медицина колледжінің студенттері қатысты. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп, белсенді студенттер сыйлықтармен марапатталды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар