Жаңа белестер

Жаңа белестер

30 сәуір мен 6 мамыр аралығында медициналық білім беру кафедрасының оқытушыларымен «Психология» пәні бойынша пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиада онлайн форматта өтті. Оған «Стоматология» мамандығының 2 курс студенттері ат салысып, 5 топ қатысты.

Медициналық білім беру кафедрасы 2020-2021 оқу жылында құрылған болатын. Жас кафедра өзінің бірінші олимпиадасын «Психология» пәнімен байланыстыруды жөн көрді, өйткені адам өмірінің барлық кезеңі  психологиямен байланысты. Жаңа буын студенттердің келешегіне үлкен мән беретін пән болғандықтан, таңдау осы пәнге түсті. Олимпиада орыс және қазақ тілдерінде өтті. Жалпы 2 турдан тұратын олимпиаданың 1 турында  студенттер өз командаларын таныстырып, пәнге байланысты эссе жазу болды. Ал екінші турда үй тапсырмасы ретінде бейнеролик түсіру және психология ғылымына еңбегі сіңген ғалымдар мен педагогтар туралы презентация жасау болатын. Бұл тапсырмалар арқылы қатысушылар коммуникативтік дағдыларын және өз мамандықтары аясында ғылымға, тәжірибеге деген қызығушылықтарын көрсете алды.

Екі турдың қортындысы бойынша, әділ қазылырдың шешімімен 204 топ алға суырылып, оза шауып, 1 жүлделі орынға ие болды, сонымен қатар 205 топ 2 жүлделі күміс орынға ие болса, 206 топ 3 қола жүлделі орынды иеленді. Оған қоса атап өтсек, 203 топ старостасы Бика Гамзаева олимпиадаға «Белсенді қатысқаны үшін» дипломымен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздары жүлделі  дипломдармен марапатталды. Кафедра мамандары осы алған тәжірибелерімен тоқталып қоймай, болашақта бұндай шараларды жыл сайын жалғастырып отыруды жоспарлап отыр.

 

Медициналық білім беру кафедрасы[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: