Бүгінгі күннің батырымен кездесу

Бүгінгі күннің батырымен кездесу

Семей медицина университетінің факультеттік терапия кафедрасының ұйымдастыруымен тәрбие жұмысының жоспары бойынша 20-шы мамыр күні ZOOM желісінде қазіргі күннің батырына айналған медицина ғылымдарының кандидаты, Семей қаласының бас пульмонологы Уразалина Жанар Маратовнамен кездесу өтті. Кездесуге кафедра қызметкерлері және куратор топтарының студенттері қатысты.

Әлемді жайлаған дертке қарсы тұруда шаршамай, пандемияның алғашқы күндерінен бастап алдыңғы шепте күресіп, халықтың денсаулығын алдыңғы орынға қойған дәрігер өз көзқарастарымен, тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер тарапынан коронавирустық инфекция диагнозының критерийлері, госпитализацияға көрсеткіштер, антикоагулянттық терапия маңызы, антибиотиктер тобын қолдану ерекшеліктері туралы сұрақтар қойылды.

Өз кезегінде Жанар Маратовна бұл сұрақтарға толыққанды жауап берумен қатар, вирусты инфекцияның клиникалық көрінісі әр түрлі екендігін және емдеу принциптері де соған байланысты болатындығын ескере отырып, жер жүзін шарпыған инфекцияға қарсы тұруда жұдырықтай түйіліп, біріге еңбек еткен медициналық қызметкерлердің, әсіресе мобильді топ қызметкерлері еңбектерінің ерен екендігін айтты.

Болашақ дәрігерлерге вирустық пневмонияның салдарлары тек қана нысана жүрек, ми, бүйректі ғана емес, басқа мүшелерді, әсіресе, қантамырлар, бауырдың зақымдалуымен де жүретіндігін есте сақтау қажеттігін ескерді. Сол себепті ауру емі де қатаң тәртіппен өткізілуі қажет екендігін ескертті. Кездесу 4 мезгілде төрт күл дүниені дүр сілкіндірген ауруға мойымай, талмай еңбек етіп жүрген медицина майталмандарына  алғыс айтумен аяқталды.

 

Факультеттік терапия кафедрасының ассистенті м.ғ.к. Селгазина М.Б., 5228 топ студенттері[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар