Денсаулық сақтау жүйесінің де, медициналық білім беру жүйесінің де маңызды басымдығы – дәрігерлерді даярлау сапасы. Денсаулық сақтауды цифрландыру кезеңінде болашақ дәрігер мамандарды медициналық мекеменің ақпараттық ортасында жұмыс істеуге дайындау медициналық білім беруді жаңғыртудың өзекті бағыты болып табылады. Болашақ дәрігердің кәсіби құзыреттілігінің маңызды компоненттерінің бірі – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы құзыреттілік.
Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Семей медицина университеті студенттері арасындағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» университетішілік пәндік олимпиадаға қатысуға шақырамыз. Олимпиада 2021 жылғы 28 мамыр күні медицинадағы IT кафедрасында өтеді.
Олимпиаданың мақсаты: студенттердің кәсіби және өздерінің деңгейлерін, медицинаны цифрландыру жағдайындағы шығармашылық қабілеттерін аша отырып, болашақ медициналық мамандардың IT құзыреттілік деңгейін арттыру.
Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы ережелер.
Олимпиада бағдарламасы
Ашылуы, 1 тур – сағат 9.00 (№1 дәріс залы бас ғимарат )
2 тур-сағат 12.00 (2 қабат, 201-209 каб. бас ғимарат)
Қорытынды шығару, марапаттау-сағат 15.00 (2 қабат, бас ғимарат, 210 аудитория)
Олимпиаданы ұйымдастыру комитетіне құжаттарды тапсыру тәртібі
Олимпиадаға қатысуға өтініштер ( Қосымша 2) 2021 жылдың 26 мамырына дейін https://docs.google.com/forms/d/1EHnymFA2PEEehHtrvGADafASymBoM02dvgZ_gABOUeM/edit?usp=sharing сілтеме бойынша он-лайн тіркеуден өту немесе келесі электронды поштаға жіберу керек: it.in.medicine@smu.edu.kz . Қосымша ақпаратты мына мекен-жайдан алуға болады: Қазақстан Республикасы, Семей қ., Абай к-сі, 103 (Медицинадағы IT кафедрасы, 213 каб.)
Байланыс мәліметі
8 7222 56 2890 (іш. 1053)
8 705 500 3672 (кафедра меңгерушісі И.С. Мусатаева)