Үздіктер қатарынан көрінді

Үздіктер қатарынан көрінді

Семей медицина университеті 3 курс студенті Аяжан Алгазинова «21 ғасыр көшбасышысы: Үздік студент» халықаралық конкурсының жеңімпазы атанды.  Еске сала кетейік, 25 ақпан айында «21 ғасыр көшбасышысы: Үздік студент» халықаралық конкурсына құжаттарды қабылдау рәсімі басталды. Конференцияға барлық ТМД елдерінің азаматтары қатыса алады. «21 ғасыр көшбасышысы: Үздік студент» халықаралық кітап жинағына жастар арасындағы қоғамдық ұйымдарының көшбасшысы мен белсенділері, халықаралық, республикалық, облыстық олимпиада, коференция, ғылыми жоба жеңімпаз студенттерінің жұмыстары мен есімдері енгізілді. «21 ғасыр көсбасышысы: Үздік студент» халықаралық кітап жинағына біздің Семей медицина университетінің студенті Аяжан Алгазинованың есімі мен жұмыстары енгізілді. Аяжан І дәрежелі диплом мен «21 ғасыр көшбасшысы: Үздік студент» төсбелгісімен марапатталды. Барлық ұжымның атынан шын жүректен құттықтай отырып, алда тек биіктерден көрнуін тілейміз!

Жарияланды: