Аккредитациялау комиссиясының ескертулері бойынша орындалған іс-шаралар шеңберінде 2021 жылғы 28 мамырда мейіргер ісінің 4 курс студенттеріне Мейіргер ісі мамандығы бойынша магистратураға түсу бойынша ақпарат берiлдi. Магистратураға түсу үшін қажетті құжаттар, қандай емтихандарды тапсыру керектігі туралы айтылды. 4 курс студенттері бакалаврды ойдағыдай аяқтағаннан кейін магистратураға түсуге қызығушылық танытып отыр. Барлық студенттер өздерінің қызықтырған, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.