Бүгін Семей медицина университеті Университеттік госпиталінің рентгенэндоваскулярлық зертханасының меңгерушісі, рентген-хирург Ерсін Сабитовпен «Денсаулық алтыннан да қымбат» тақырыбында «Танымал тұлғалармен жүздесу» жобасы аясында кездесу өтті. Кездесуге 1-5 курс студенттері қатысып, сұрақтарын қойды. Рентген-хирург қазіргі студенттердің қандай қателік жіберетінін және болашақта ол қателікті болдырмауға нұсқау көрсетті. Ерсін Төлеутайұлы әр студент жақсы дәрігер боламын десе өзінен бастау керектігін және де академиялық адалдықты жадында сақтауға шақырды. Доцент студенттерге ең бірінші орында дәрігердің бойында адамдгершілік қасиет болу керек екенін ескертті. Сондай-ақ бүгінгі кездесуге қатысқан студенттер сұрақтарын қойды. Кездесу жүргізушісі Семей медицина университетінің белсенді 4 курс студенті Асқаров Амирлан кеш қонағы Ерсін Төлеутайұлына алғыс білдірді!