2021 жылдың 8 маусымында “СМУ” КеАҚ бас корпусында мейіргер ісі кафедрасы қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің деканымен және ЕПМ басшыларымен, колледждер мен жоғары колледждер басшыларымен бірлесіп, “Мейіргер ісі” мамандығын оқытудың түрлі деңгейлердегі білім беру бағдарламаларын талқылау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
6В1010 “Мейіргер ісі” мамандығы бойынша бакалавриат, 7М10110 “Мейіргер ісі” магистратурасының білім беру бағдарламаларын жақсарту мақсатында сыртқы аудит ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ғылыми-педагогикалық бағыт мүдделі сыртқы және ішкі стейкхолдерлермен бірлесіп “Мейіргер ісі” мамандығының ОБ мақсаттарына-4 жыл, 2,6 жыл және 10 ай оқуға қатысты мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстелге колледждің өкілдері қатысты: оқытушылар Ахмадиев К.С., Мендешева А.Е.; Семей қ. ЖМЖА өкілі – бас медбике Баспакова Г.С.; Авиценна жоғары медициналық колледжінің және ШЖҚ КМК ” Семей қ. Д.Қалматаева мемлекеттік жоғары медициналық колледжінің” оқытушылары, кафедра ассистенттері – Болатова М. Б., Қабдолданова А. А., Досбаева А. М., Сағадиева М. М.
Дөңгелек үстел барысында мейіргер ісі кафедрасының ассистенті Сағадиева М.М. оқыту бағдарламалары бойынша ақпарат беріп, ОБ мақсаттарын атап өтті. Дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары білім беру бағдарламасының мақсатын жақсарту және қайта қарау бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, “Мейіргер ісі” мамандығының ОБ жедел оқыту бағдарламасын іске асырудағы және денсаулық сақтаудың практикалық жүйесіне кеңейтілген практика мейіргерлерін енгізудегі проблемалық мәселелері талқыланды.