2021 жылы 17 маусымда жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұстаздарының қатысуымен «Türkçe kolay» түрік тілін үйренуге байланысты онлайн мастер-класс өтті. Аталған мастер-класс кафедра меңгерушісі Жорақпаева Мейрамгүл Досановнаның және Түркия мемлекетіндегі TÖMER (Түрік және шет тілдерін оқыту және қолдану орталығының) түлегі, оқытушы Оралбекова Айсара Аянқызының ұйымдастыруымен өткізілді. Мастер-класcқа түрік тілін үйренуге ынта білдірген қафедра оқытушылары ерікті түрде қатысты. Нәтижесінде түрік тілінің әліпбиімен, грамматикасымен танысып, сөйлеу дағдыларын дамытты. Түрік тіліне қатысты білімдері мен практикалық меңгерулерін одан әрі жетілдіруге негіз қалауға көмектесті. Мастер-класс қорытындысына сәйкес, аталған іс-шараның болашақта жалғасын тапса деген ұсыныстар айтылды.
ЖББП кафедра оқытушысы А.А. Оралбекова

