Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі Б.Ж.  Токтабаеваның ұйымдастыруымен онлайн форматта  «Жалпы медицина» мамандығының 4151 тобы студенттері Семей қаласының құқық қорғау органдарының өкілімен кездесіп, сұхбат өткізді. Кездесуге ШҚО №2 Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Байжуманова Раушангуль Закиевна қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы сауатын ашу, өз құқықығын қорғай білуді үйрету еді. Аталған іс-шара барасында Раушангуль Закиевна жастарды қолданыстағы заңнама нормаларымен таныстырып, студенттердің құқықтық мәдениеті және айналадағы әртүрлі  құқық бұзушылықтардан алдын алу шараларымен бөлісті.

Студенттер қаладағы қылмыстық жағдай, құқық қорғау органдарында жұмыс істеу ерекшеліктері, құқық бұзушылықтың қандай да бір түрлері және т.б. сұрақтарға жауап алды. Бұл іс-шаралар профилактикалық сипатқа ие бола отырып, жас ұрпаққа қоғамдық тәртіпті бұзуға ықпал ететін себептерді түсіндіре алады деп ойлаймыз. Жалпы, кездесу достық сипатта өтіп, 4151 топ студенттері алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар