«Хирургтың базалық дағдылары» атты жазғы мектебі өтті

«Хирургтың базалық дағдылары» атты жазғы мектебі өтті

25 маусымда профессор Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасында хирургия жазғы мектебінің қорытынды сабағы өтті.

Айта кетерлік, сабақ 21 маусымынан бастап санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, офлайн және онлайн форматта бес күнге созылды.

Сонымен қатар, 15-18 маусым аралығында онлайн режимде жазғы мектеп старостасы “Хирургтың базалық дағдылары” іріктеу турын өткізді.

Сабақ барысында теориялық және практикалық мәселелері егжей-тегжейлі баяндалды, онда студенттер хирургиялық құралдармен, операциялық блокта жұмыс істеу ережелерімен, түйіндерді байлау және тіндерді қосудың негізгі әдістерімен танысты. Ішек анастомозы және эндоскопиялық операциялар тақырыптары да қамтылды.

Офлайн форматта оқыған студенттерге биологиялық материалдар мен манекендерде өз дағдыларын үйренуге және дамытуға мүмкіндік берілді. Ал онлайндағы студенттер үшін “ZOOM” платформасы арқылы тікелей трансляция жүргізілді, 360° форматындағы видео пайдаланылды, онда студенттер VR-көзілдіріктер арқылы және смартфондардың көмегімен тура қатысу әсерімен практикалық дағдыларды қашықтықтан көре алды.

Жалпы жазғы мектепте 45 студент сабақ алды, оның ішінде 10-ы офлайн режимде, 35-і онлайн режимде. Сонымен қатар, жазғы мектепті өткізу үшін кафедраның барлық ұжымы жұмылдырылды. Әр тақырып жауапты оқытушылар мен ғылыми үйірме студенттеріне бекітілді.

Сабақ соңында қатысушылар кафедраға алғыстарын білдірді, көптеген қатысушылар сабақтың практикалық бөлігін бос уақытында жалғастыруға ниет білдірді. Кафедра ұжымының пікірінше, мұндай сабақтар кіші курс студенттерінің хирургиялық бағытындағы мамандықтарды таңдауына қызығушылығын тудырады.

Жазғы мектептің жауапты қызметкері: кафедра оқу бөлімінің жауаптысы Мержакупов Т.Д.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі