Терапиялық стоматология кафедрасында 17.06-30.06 күндері аралығында кафедра меңгерушісі Хайдарова Н.Б. қатысуымен, ПОҚ ұйымдастыруымен «Терапиялық стоматологияның өзекті мәселелері» атты жазғы мектеп өткізілді. Кафедраның оқу ісі меңгерушісі Сулейменева Д.М. жетекшілігімен тақырыптық жоспар, силлабус құрастырылды.
Стоматология факультетінің 2-5 курс студенттерінен 27 студент қатысты. Терапиялық стоматология кафедрасының ПОҚ тақырыптық жоспарға сәйкес күн сайын дәрістер өткізді, нозология бойынша күрделі мәселелерді түсіндірді. Студенттерге электронды форматта оқу-әдістемелік материалдар, ютубтағы бейнедәрістер сілтемелері, дәрістік материалдар ұсынылды. Цикл жазғы мектеп қатысушыларынан кері байланыс алумен аяқталды. Жазғы мектепті бітіргеннен кейін қатысушылар сертификаттармен марапатталды.