«Семей медицина университеті» КеАҚ келесі білім беру бағдарламалары бойынша магистратураға оқуға шақырады:
M139 Денсаулық сақтау менеджменті
M140 Қоғамдық денсаулық сақтау
M141 Мейірбике ісі
M144 Медицина
M145 Медициналық-профилактикалық іс
М145 Гигиена
М145 Эпидемиология
Магистратураға түсу үшін 2021 жылдың 18 маусымынан 15 шілдесіне дейін app.testcenter.kz сайтында кешенді тестілеуге (КТ) қатысу үшін тіркеу жүргізіледі. Тіркелу кезінде тестілеу ОРНЫн (қаласын) өзіңіз таңдайсыз! КТ-дің өзі 2021 жылғы 20 шілде – 10 тамыз аралығында өткізіледі.
«СМУ» КеАҚ магистратурасының білім беру бағдарламалары туралы толығырақ ақпаратпен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз https://taplink.cc/semeymedicaluniversity/p/316115/.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша (2 жыл) магистратураға түсу үшін КТ 3 блоктан тұрады:
- Шет тілі бойынша тест;
- Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;
- Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.
Бейінді бағыт бойынша (1 жыл) магистратураға түсу үшін КТ 2 блоктан тұрады:
- Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;
- Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.
КТ форматымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/vstupitelnye-ekzameny/informatsiya-ob-itogakh-vstupitelnogo-ekzamena-po-yazykam-na-poluchenie-pvo/index.php.
Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар оқуға түсушілер, магистратураға КТ-дің шет тілі бойынша тестінен босатылады.
КТ-ге қатысу құны 8292 теңгені құрайды. Төлем сайтта тіркелген кезде онлайн жүргізіледі. Баршаңызға сәттілік тілейміз!
Байланыстар:
Мекен-жай: 071400, ШҚО, Семей қаласы,
Абай Құнанбаев көшесі, 103.
Тел: 8 775 675 16 50
2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
| Дайындық бағыттарының коды және жіктелуі | Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі | Білім беру бағдарламалары топтарының атауы | Ғылыми-педагогикалық магистратура | Бейіндік магистратура |
| 7М101 Денсаулық сақтау | М139 | Денсаулық сақтау менеджменті | 20 | |
| M140 | Қоғамдық денсаулық сақтау | 50 | ||
| M141 | Мейірбике ісі | 40 | ||
| M142 | Фармация | 40 | ||
| M143 | Биомедицина | 25 | ||
| M144 | Медицина | 100 | ||
| M145 | Медициналық-профилактикалық іс | 50 | ||
| Жиыны | 325 | 0 |

