Мәңгі есімізде

Мәңгі есімізде

Құрметті әріптестер, өкінішке орай дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы Амиров Едіге Рахымжанұлы дүниеден өтті.
Едіге Рахымжанұлы – ұстаз, Ұлттық санаттағы төреші. Әлемдік волейболдың 100 жылдығына арналған 1995 жылғы ҚР чемпионатына қызмет көрсетті. Еңбек ардагері медалі, 1970 жылғы Бүкілқазақстандық спартакиаданың қола медалі иегері.
Сонымен қатар, Едіге Рахымжанұлы Семей облысы құрама командасын волейболдан жаттықтырды. 2000 жылы волейболдан «Семей» кәсіби командасының бас жаттықтырушысы болды.
Институттың құрама ерлер командасы Орта Азия мен Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары спартакиадасының бірнеше дүркін жүлдегерлері. КСРО Медициналық жоғары оқу орындары спартакиадасының 3 дүркін финалистері, ҚР Универсиадасының 2 дүркін қола жүлдегерлері. Семей облысының құрама командасы Қазақстан Спартакиадасының қола жүлдегерлері.
«Семей медицина университеті» КеАҚ ұжымы ұлағатты ұстазымыз, әріптесіміз Едіге Рахымжанұлының бұл фәниден бақилыққа, мәңгі сапарына аттануына байланысты туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Жарияланды: