Университетіміздің әскери кафедрасында далалық оқу жалғасуда. Іс-шара барысында курсанттардың әскери намысын, Отанға деген сүйіспеншілігін, патриотизмі мен туған жерін қорғаудағы батылдықты оятуына ерекше назар аударылады. Осыған байланысты 14 тамызда 1 взводтың курсанттары және кафедра оқытушысы, запастағы медициналық қызметтің подполковнигі А.В.Матыциннің жетекшілігімен онлайн 3D форматында өткізілген Нұр-Сұлтан қаласының «Әскери-тарихи» мұражайына барды. Курсанттарға Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің дамуы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар взвод кадеттері Екінші дүниежүзілік соғыстың кеңес батыры, қазақстандық – Бауыржан Момышұлы туралы тарихи бейнероликті тамашалады.
Сабақ соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісті.