Топ студенттерінің алғашқы психологиялық тренингі
«Педиатрия» мамандығының 1330 тобы, топ кураторы Садыкова Лиза Кадірханқызының жетекшілігімен, университетіміздің психологы Асылбекова Айгерим Мухаметбековнаның қабылдауында болды. Атаулы кездесуді ұйымдастырып, психологиялық тренинг өткізудегі мақсат топ студенттерінің топ арасындағы қарым-қатынастарының жай-күйін анықтау, олардың бір-біріне қаншалықты бейімделіп, үйреніскендігін бақылау. Сонымен қатар, олардың арасындағы қатынастарының одан ары нығаюына, топ студенттерінің бірін-бірі жақынырақ тануына, топ алдында өзін еркін ұстап,…