Биылғы жылғы ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы 1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар келді. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама тың бастамалардың болатынын көрсетіп бергендей. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы әрбір азаматтың ерекше назарын аудартатыны белгілі. Осыған орай, Семей медицина университетінің жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары студенттік топтармен бірге жолдауды тыңдап, түсіндіру жұмысын жүргізді.
Қоғамда қордаланған күрделі мәселелердің шешімін табу жолдары мен өткен жылдағы жеткен жетістіктерге тоқталып, алдағы міндеттерді қоғам болып бірлесіп шешуге шықырды. Ел азаматтарын, отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.
Осыған орай Қазақстан азаматы ретінде әрқайсымыздың да президентіміздің алға қойған міндеттерін бірігіп жүзеге асыру біздің басты талабымыз деп санаймыз.
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы