2021 жылы қыркүйек айының 10-шы жұлдызында жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасында Семей медицина университеті 5434 топ студенттері ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларымен «COVID-19 вирусының алдын алу шараларына орай санитарлы-ағартушылық жұмыс» атты тақырыпта онлайн-конференция жүргізілді.
Аталған конференцияда Құралай Асылханқызы баяндама жасады. Бұл баяндамада COVID-19 вирусының қазіргі таңдағы жалпы статистикалық жағдайы мазмұндалды. Оның ішінде айта кетсек Қазақстан Республикасында 2021 жылғы қыркүйектің 9-ы күні мәліметі бойынша жалпы вирус жұқтырғандар саны 904 мың адам, ал өлім-жітім саны 14423 адамды құрағаны мәлімденді.
Сонымен қатар, бұл конференцияда аталған мектеп оқушыларына вирустың берілу жолы мен механизмі, клиникалық көріністері, алдын-алу шаралары мен короновирусқа қарсы екпе жайында сөз етілді. Екпені қазіргі таңда Қазақстан Республикасында ерікті түрде 12,6 млн адам алғаны баяндалуымен оның еліміз үшін қаншалықты маңызы зор екендігі жеткізілді.
Конференция соңында Назарбаев зияткерлік мектебі оқушылары тарапынан баяндалған тақырып жайында сұрақтар қойылды және бұл сұрақтарға тиісті жауап беріліп, пікірталас жүргізілді. Бұл конференцияның негізгі мақсаты COVID-19 және бұл типтегі басқа да пандемиялық жағдайларға қарсы елдің ұжымдық түрде әрекет көрсетуі мен бұндай хал-ахуалдарға арнайы эффективті шаралар қолдану керектілігі жайлы үйрету болып табылады.
Жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасы