14 қыркүйек күні жалпы білім беру пәндер кафедрасы және жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік жетістіктері» атты ашық сабақ өтті. Сайыс түрінде өткен ашық сабаққа “Қырандар” (2113 ОМ) және “Болашақ” (2310 ОМ) топтары қатысты.
Интеллектуалды жарыс үш турдан тұрды. 1-ші турда қос топқа блиц түрінде 15 сұрақ қойылды. 2-ші тур барысында командалар күрделі Тәуелсіздік, Қазақстан тарихына арналған 5 сұраққа жауап берді. 3-ші турда қатысушылар “Қазақстан медицинасының болашағы” тақырыбында пікір бөлісті.
Сайыс қорытындысы бойынша “Қырандар” тобы 16 ұпай, “Болашақ” тобы 11 ұпай еншіледі. Барлық қатысушыларға белсенділік үшін алғыс білдіреміз! Іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткені үшін кәсіподақ ұйымының төрағасы Советов Бақытбек Советұлына алғыс білдіреміз!