Мұражайға саяхат

Мұражайға саяхат

2021 жылдың 17-ші қыркүйегінде медицинадағы ІТ кафедрасының оқытушысы, куратор Букатаева Алмагуль Бекеновнаның жетекшілігімен «Стоматология» мамандығы 1 курстың 1304, 1310 топ студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Туған жер» жобасы аясында тарихи өлкетану мұражайына саяхат жасады. Мұражай қызметкері көрме залымен таныстырып, студенттерге керемет әсер қалдырды.

Қазіргі күні музей қорында 108 мыңнан артық жәдігер сақтаулы. Жаңартылған экспозициялар музейдің алты залында: «Палеонтология және геология», «Туған өлкенің табиғаты», «Археология және этнография», «Қала және өлкенің тарихы», «Алаш қозғалысы және Алаш қаласы туралы», «Семей ядролық полигоны», «Семей тәуелсіздік жылдарында» атты бөлімдерде орналасқан. Мұражай құндылыққа толы, ұлтымыздың алтын қазынасы деп сайнамыз. Қазіргі жастардың осы мұражайға баруы жарқын болашақтың бар екенін көрсетеді.

Жарияланды: