Құрметті СМУ студенттері! Студенттік ректор лауазымына конкурс жарияланатынын хабарлаймыз!
Үміткерлер 3, 4, 5 курс студенттері қатарынан тағайындалады. 5-ші курс студенті тек алдағы 2 жыл көлемінде жұмыс жасауға уақыт таба алған жағдайда сайлауға қатыса алады.
1-ші кезең бойынша 2021 жылдың 21-30 қыркүйек аралығында үміткер өткізуі тиіс:
– портфолио;
– түйіндеме (үлгі бойынша);
– үміткердің мемлекеттік тілді жақсы меңгергенін растайтын құжат (қазақ тілінен тест). Қазақ тілінен тест 30-шы қыркүйек күні университеттің бас ғимаратының 110 кабинетінде өтеді. Тиісті балл 10-нан кем болмауы тиіс;
– ЖОО-да оқудың барлық кезеңі бойынша сертификаттар мен дипломдар (бар болған жағдайда);
– GPA > 3.00 жоғары және барлық оқыған жылдары бойынша транскрипт (білім алушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығынан растаушы құжат);
– мотивациялық хат (кемінде 500 сөзден аз емес);
– жоғары сападағы ақ халатпен түскен фото, өлшемі 10х15 см (университеттің эмблемасы міндетті түрде болуы тиіс).
IUGYGisfsfs