Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы – жоғары білімді мамандар даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейтесті міндеттерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Балалар жұқпалы аурулар кафедрасында СҒҮ өзінің алғашқы отырысын өткізді. Кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М конференцияның ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге ғылым мен білімде ізденіс пен еңбек жеңіске жетелейтін жол екенін айтты. Студенттер ғылыми тақырыптарын анықтап, ғылыми жетекшілері бекітілді. Кафедра ассистенті Сутормина А.В Балалрдағы COVID-19 клинико-эпидемиологиялық ерекшеліктері туралы баяндама оқыды.

Жарияланды: