Жемқорлықпен күрес – қалыпты өмірге үлес

Жемқорлықпен күрес – қалыпты өмірге үлес

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Е.Жалмағамбетовпен және ШҚО әкімі Д.К.Ахметовтің 2021 жылға арналған қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық мәдениетін ілгерілету мақсатында жергілікті атқарушы органдарға арналған кешенді жоспар бекітілген болатын. Аталған жоспардың 1.4 тармағына сәйкес, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысын ілгерілету және қолдау мақсатында ЖОО студенттері мен магистранттары арасында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында жобалар конкурсын өткізу көзделген». Осыған орай Семей медицина университетінде жобаға қатысу үшін хабарландыру беріліп, 23 қыркүйек күні университеттің үлкен конференц залында негізгі іс шара өтті. Қатысуға 6 студент ниет білдірді. Әр қатысушы өзінің таңдаған тақырыбына байланысты жобасын таныстырып, қорғап шықты. Комиссия мүшелері жобаның маңыздылығымен мазмұнына қарай жеңімпазды анықтады. Жеңімпазды жастар саясаты бөлімі жауап хат ретінде ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департентіне жолдап, алдағы уақытта департамент облыс деңгейінде әр жобаны қарастырып шешімін қазан айында жариялайды.
Конкурсқа қатысқан жобалар:
1. «Қылмыссыз өмір» Оразов Саян 2216 топ, жалпы медицина
2. «Адал дәрігер» Құсманов Ерсұлтан 2222 топ, жалпы медицина
3. «Пара түбі қорлық» Бөкешова Гүлназ 3715 топ, жалпы медицина
4. «Таныссыз білім» Сейтқали Айгүл 2208 топ, жалпы медицина
5. «Білімді сатып алмайсың» Кайноллаева Седа 5437 топ, жалпы медицина
6. «Күш әділдікте» Нұрахметова Жанерке 401, топ, жалпы медицина
Комиссия шешімімен «Білімді сатып алмайсың» жобасы жоғары ұпайды еншілеп, жеңімпаз атанды.[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column][vc_single_image image=”81529″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз