2021 жылғы 24-ші қыркүйек күні Семей медицина университетінің психологы Айгерім Мухаметбековна «Жалпы медицина» мамандығының 1106 топ студенттеріне 1 курс студенттеріне арналған адаптация тренингін өткізді.
Тренинг бағдарламасы бойынша танысу мен топ тұтастығына байланысты ойындар мен жаттығулар жүргізілді. Мұндай ойындар барлық қатысушылардың көңіл-күйлерін көтерді. Тренингтің мақсаты топ құра білуді үйрену, бірінші курс студенттерінің бір-бірімен танысу болды. Іс-шара жоғары әдіснамалық деңгейде өтті.
Бірінші курс студенттері іс-шараның өткізілуіне алғыстарын білдірді және психологиялық мәдениетті арттыратын осындай тренингтердің пайдасын атап өтті.
Куратор ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Т.А. Мұздыбаева
Топ старостасы Назерке Айтқазина