2-ші қазан 2021 жылы Семей медицина университетінің 1106-топ “Жалпы медицина” 1 курс студенттері университеттің еріктілер клубымен бірлесіп мұқтаж жанға көмек қолын созды.
1106 топ студенттерінің бұл іс-шараға қатысу мақсаттары:
– қоғам өмірін жақсарту;
– мұқтаж жанға көмек беру;
– балалардың қуанышына себеп болу.
Топ студенттері болашақта тағы да көптеген еріктілер жұмыстарын атқаруды көздеп отыр. «Жақсылық — бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі», жақсылық жасау арқылы өзіңіз ғана емес айналаңыз да нұрланатын болады.
ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Т.А. Мұздыбаева
1106 топ старостасы Назерке Айтқазина