Бүгін, 8 қазан күні, «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы бойынша жалпы білім беру пәндер кафедрасының меңгерушісі М.Д. Жороқпаева және оқытушылары М.С. Ибраемова, Р.Ж. Екібаев, Т.У. Жакипова, Н.Д. Аманбекова, Л.К. Садыковалардың ұйымдастыруымен «Nur Оtan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасы бірінші орынбасарының м.а. М. Куржикаева, «Nur Otan» партиясы фракциясының Семей қалалық мәслихатының депутаттары Ж.Т. Молдағалиева, С.Р. Ахметов, Н.С. Әлменевалардың қатысуымен 1-2 курс студенттер арасында интерактивті форматта семинар-кеңес өткізілді.
Атаулы семинар – кеңес қалалық деңгейде, қалалық «Semei» және ТВК- 6 телеарнасы қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Семинар-кеңес барысында модератор – М.С. Ибраемова, жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі М. Жороқпаева, «Nur Оtan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасы бірінші орынбасарының м.а. М. Куржикаева, «Nur Otan» партиясы фракциясының Семей қалалық мәслихатының депутаттары Ж. Т. Молдағалиева, С. Р. Ахметов, Н. С. Әлменева сөз сөйледі.
Жолдаудағы көрсетілген басым бағыттары «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму» және «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру» бойынша студенттер өздерін қызықтырған мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Жалпы бүгінгі кездесу студенттеріміз үшін өте тағылымды да, танымды іс-шара болды.
«Nur Оtan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының м.а. М. Куржикаева мен қалалық мәслихатының депутаттарына Мемлекет Басшысының Жолдауын талқылауға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз. Және аталмыш шараны ұйымдастырып өткізуде қолдау көрсеткен университетіміздің кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.С. Советовке ризашылығымызды білдіреміз.
Жалпы білім беру пәндер кафедрасы