6 қазан 1102 медицина мектебінің студенттері куратор К.М. Белеухановамен бірге университет психологы А.М. Асылбекова ұйымдастырған тренинг сабаққа қатысты. Барлық студенттер белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, бөлісіп отырды. Студенттердің жаңа ортаға бейімделуі бойынша жұмыстар қажетті қасиеттерді дамыту және эмоционалдық, мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруды түзету және дамыту бойынша жаттығулар өткізілді. Психологиялық тренинг барысында барлық қатысушыларды белсенділіктері арттырылуы байқалады. Қатысушылардың пікірінше, жаттығулар табысты өтті деп санауға болады. Барлық студенттерді психологпен жиі жиындар өткізіп тұруға шақырамыз.
Куратор К.М. Белеуханова, 1102 топ студенті Ғ.Р. Тукинова