Қазақтың педагог-ағартушысы, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай, 19 қазан күні КеАҚ «СМУ» терапиялық стоматология кафедрасында стоматология факультетінің 405, 406 топ студенттерінің, кафедраның ПОҚ қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Өткізілген іс-шара барысында студенттер қазақ фольклоршысы және этнографы, саяси және қоғам қайраткері болған оқытушының өмірбаянымен және қызметімен танысты. Бұл іс-шараның мақсаты -оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына деген қызығушылығын ояту, ұлттық мақтанышты, ұлттық сана сезімдерін қалыптастыру екенін атап ұйымдастырушылар. Іс-шара барысында қатысушылар жазушының шығармашылығына арналған тест сұрақтарына жауап берді, Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен прозаларын айтып, оның еңбектеріне талдау жасады.[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column width=”1/2″][vc_single_image image=”83470″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][vc_column width=”1/2″][vc_single_image image=”83473″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

