2021 жылдың 25 қазанында психиатрия кафедрасында салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Маскүнемдік, нашақорлық, темекі шегуді алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Кураторлық сабаққа қатысқандар 3102 тобының студенттері. Бірінші сөзді психиатрия кафедрасының ассистенті, медицина ғылымының магистрі, жоғары санатты дәрігер Алтыбаева Гульжан Калибековна алды. Өз сөзінде табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін атап өтті. Сонымен қатар, «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындырып, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдылануға шақырды. Тыңдаушылардың назарына топ кураторы презентация ұсынды. Презентация мазмұны: маскүнемдік, нашақорлық, темекі шегу салдарынан туындайтын мәселелерді қамтып, клиникалық суреттемесімен таныстырды. Қазіргі кезде кең таралған химиялық және химиялық емес наркотиктармен таныстырып, олардың орталық жүйке жүйесіне, жалпы ішкі ағзаларға зиянды әсерлерін атап берді. Кең таралған наркотиктер қатарына: спайстер, марихуана, тұздар (дизайнерлік наркотиктер, ваннаға арналған тұздар), олар тез ағзаға еніп, тәуелділік туындауына әкелетінін түсіндіре келе, тәуелділікке шалдыққан адамдардың қоғамда заң бұзушылықтың жоғарлауына, жанұясымен ажырасып, қызметінен айырылып, тұлға деградациясына ұшырайтынын атап өтті.
Зиянды әдеттермен күресудің тәсілдерін атады. Жағымсыз әдеттеден құтылу амалдарымен таныстырылды. Студенттер белсенді қатысып, өздерін алаңдатып жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу соңында студенттер өздеріне көп мәлімет алып, білімдерін жетілдіріп, көптеген жақсы эмоция алғандарын айтты.[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]
[/vc_column][/vc_row]


