2021 жылы «Жалпы медицина» мамандығының 1222 топ студенттеріне «Білім алушылардың этикалық кодексі» атты куратор сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды жетуіне ықпал жасау. Сонымен қатар, университеттің ішкі ережелерімен таныстырылып, оқу орнында өзін-өзі ұстауы да назарға алынды. Атап кететін болсақ, студенттердің киім киісі, жүріс-тұрысындағы, қоғамдық өмірге араласуындағы басты қағидалар бүгінгі заманның басты мәселесі коррупциямен күресу жолдары ескеріліп кетті. Студенттер бір-біріне ойларын айтып, пікір алмасты.
Топ кураторы Н.М. Абешова