27-ші қазан 2021 жылы Семей медицина университетінің 1106 топ «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттері университетіміздің «Кемел студенттер театрының ашылуына» қолдау көрсетіп, «Адасқанның айыбы жоқ» қойылымын тамашалап қайтты.
Қойылымнан алған әсерлеріне сүйенсек, тәрбиелік мәні зор, жүректі елжіретіндей, ой салатын қойылым болды. Біздің университеттің талантты әрі әртіс-студенттердің өнеріне шын ықылас білдіріп, тәнті болып қайтты.
Топ студенттері көрсетілген қойылымға ізгі тілектерін білдіріп, ендігі кезекте келесі қойылатын қойылымдарды асыға күтетіндерін білдіріп жатты.
ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Т.А. Мұздыбаева
1106-топ старостасы Назерке Айтқазина

