2021 жылдың 09 қарашасында КеАҚ «Семей медицина университеті» Өскемен қалалық филиалының жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасында «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» пәні бойынша «Жас дәрігер-2021» олимпиадасы өтті. Кафедра ассистенті, м.ғ.к. Шонтасова Тұрсынхан Серікбосыновна жетекшілігімен олимпиаданы 725 топ интерндері: Мубаракова Айдана, Карменова Арай, Жунус Дана, Слямбекова Эльмира, Нұрсолтанов Қуаныш, Дикенов Ермұхамед ұйымдастырды. Қазылар алқасына төрағалық еткен жалпы дәрігерлік практика кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Мусабекова Жанна Асемкановна, ал әділқазылар алқасының құрамында кафедраның тәжірибелі оқытушылары Алдиярханова М.С., Ахметова С.С., декан орынбасары Аймухамбетов Е.Н. болды. Олимпиаданың демеушісі «SANTO» фармацевтикалық компаниясы сыйлықтармен қамтамасыз етті.
Олимпиадаға «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығының 7 курс интерндері қатысты. Олимпиада 3 кезеңнен тұрды. Барлығы үздік 9 қатысушы болды. Бірінші кезең 20 сұрақтан тұратын блиц-сауалнама түрінде өтті. Қорытындысы бойынша 2-кезеңге 6 қатысушы жіберілді. Екінші кезең атақты «Своя игра» телебағдарламасының атымен аталды, нәтижесінде төрт қатысушы шайқасты жалғастырды. Үшінші кезеңде қатысушылар «ЖКС кезіндегі шұғыл көмек», «Анафилактикалық шок кезіндегі шұғыл көмек», «Жарақат кезіндегі шұғыл көмек» және «BLS» сияқты практикалық дағдыларды таңдап, іс жүзінде көрсету керек болды. Әрбір тур интерндердің алған білімдері мен дағдыларын қаншалықты меңгергенін және оларды қолдана алатынын көрсетті. Олимпиадаға қатысушылармен қатар, көрермен ретінде қатысқан интерндер де назардан тыс қалмады, олар үшін олимпиаданы ұйымдастырушылар викторина өткізді, онда білім алушылар дұрыс жауап үшін тәтті сыйлықтар мен жазу кітапшаларына ие болды. Олимпиадаға қатысушылардың барлығы тапсырмаларды абыроймен орындады. Барлық сайыстардың қорытындысы бойынша қазылар алқасы ұпайларды есептеп, олимпиаданың қорытындысын жариялады. Одан кейін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Бірінші орынды 727 топтың интерні Койчубаева Сабина, екінші орынды 728 топ интерні Қонаева Назымгүл және үшінші орынды 730 топ интерні Қасымханова Ақмарал иеленді. Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қорытынды сөзбен әділқазылар алқасының төрайымы Мусабекова Ж.А. және Ахметова С.С. сөз сөйлеп, олимпиадаға қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Студенттердің оқу барысында алған барлық білімдерін тәжірибе жүзінде пайдалануға болатынын, саналы сенімін нығайту, сонымен қатар олардың корпоративтік рухын, ынтасын қалыптастыру тұрғысынан да оқу процесінде олимпиадаларды өткізудің үлкен маңызы атап өтілді. Қатысушылардың олимпиадаға дайындығына ризалығын білдірді. Ең бастысы, қатысушылар бағын сынап, әділ бәсекеде бақтарын сынады! Зияткерлік сайыстар қатысушылардың төзімділігін арттырып, белсенді позициясын қалыптастыруға әсер етеді, өзіне деген сенімділік сезімін, мақсат қою және оған қол жеткізу қабілетін, белгілі бір істерде өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін, болашақта өмірлік маңызды мақсаттар мен міндеттерді сәтті шешуге қабілетті тұлға қалыптастырады.
КеАҚ «СМУ» Өскемен қаласының филиалы, жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column][vc_single_image image=”85245″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]