2021 жылдың 17 қараша күні Семей медицина университетінде «Күміс университет» жобасы аясында «Құлауды алдын алу және алғашқы көмек көрсету» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараны шақырылған барлық егде жастағы адамдар тыңдады. Мейірбике ісі кафедрасының ассистенті Асқарова Мерей Максутовна «Құлаудың алдын алу және алғашқы көмек көрсету» тақырыбында баяндама оқыды. Жарақаттануды алдын алу шаралары, жарақаттанып қалған жағдайда алғашқы көмек көрсету жолдары түсіндірілді. Баяндама соңында тындаушылар өз ойларымен бөлісіп, өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап алды.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу