Қараша айының 25-і күні «Қыз Жібек» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен «Жалпы медицина» мамандығының 1 және 2 курс қыздарына арналған «Бегім-ай» атты тәлімдік-тәрбиелік кеш өткізілді. Кешті ұйымдастырудағы басты мақсат бойларында ұлттық құндылық бояулары байқалатын, қазіргі заманғы қазақ қыздарына тән тәлім мен тәрбиені меңгерген, сыры мен сымбаты келісті қыздарымыздың жан-жақты болып қалыптасуына мүмкіндік жасау. Жалпы айтқанда қыздар мен қыздар арасында ашық алаң құра отырып, тәжірибе алмасу, сырласу кештерін ұйымдастыру арқылы, қазіргі қоғам талабына жауап бере алатын біршама жетістіктерді меңгерген қыздарымыздың қатарын көбейту.
Осы аталған мақсатымыз бен жоспарымыздың сәтті жүзеге асырылуы қыздарымыздың ниет тілектеріне байланысты болғандықтан, қыздарымызды атаулы шараларды өткізуде белсенділік танытып, қызығушылық танытқандарына ұйым мүшелігіне еніп, үнемі қолдау көрсетіп отырулары сұралды.
Кеш барысында «Қыз Жібек» үйірмесінің биылғы жылғы жоспары таныстырылып, қазіргі қыз балалардың тәрбиесіне қатысты мәселелер көтерілді. Ұлттық құндылықтарымызға тоқтала отырып, қыздар тәрбиеіне байланысты берер тәлімінің мол екендігі баса айтылды. Сонымен қоса, университетіміздің қыз балаларының тәртібі мен тәбиесіне қатысты мәселелер де сөз етілді. Кеш барысында тақырыпқа байланысты поэзиядан үзінділер оқылып, викториналық ойындар мен ән де шырқалды.
Айзада Сұлтанова бастаған «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс қыздар тобы кешіміздің мәнді де мағыналы, тартымды да қызықты өтуіне барынша дайындықпен келген. Қыздарымызға алға қойған мақсаттары мен қызмет барыстарының сәтті жүзеге асырылуын тілей отырып, белсенді ұйымдар қатарынан көріне беріңіздер демекпіз.
«Қыз Жібек» қыздар ұйымы жетекшісі
Л.К. Садықова