Елін сүйген – елі сүйген Елбасы

Елін сүйген – елі сүйген Елбасы

2021 жылдың қараша айының 28-інде қалыпты физиология кафедрасының оқытушысы өзінің «жалпы медицина» мамандығының 2 курс 2113 кураторлық топ студенттерімен ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген – елі сүйген Елбасы» атты кураторлық сағатын өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жүргізген саясаты туралы мағлұматты білу, жастар жүрегінде Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз тарихын білу болып табылады. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру болып табылады. Жалпы елдің іргетасын қалаған тұлғаларды ардақтау, олардың билікке келген күнін ұлттық мейрам ретінде атап өту – өркениетті елдердегі дәстүр.
Біз, Қазақстан халқы, тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті айқындаған стратегиялық бағытты қолдауда ынтымақтастықты, бірлікті және келісімді көрсетуіміз керек. «Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізге сезінеміз»Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

Жарияланды: