ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Семей медицина университетінің жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 26 қараша күні ЖОО студенттерінің І-ші республикалық пәндік онлайн-олимпиадасы болып өтті.
Олимпиадаға қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласының Еуразия гуманитарлық институтынан «Тәуелсіз елдің жастары» командасы, Павлодар педагогикалық университетінен «Зияткерлер» командасы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінен «Шәкәрім тұлпарлары» командасы, Семей медицина университетінен «Ұлы дала көшбасшылары» командасы атаулы додада өз білімдерін көрсетіп, бақтарын сынады. Бейнеролик түріндегі командалар таныстырылымынан, «Зияткерлік» атты сұрақ-жауап сайысынан және «Тәуелсіздік – Мәңгілік ел мұраты» тақырыбындағы ғылыми жобалар сайыстарынан тұратын бәсекелесті додада қатысушы командалар өз білімдерін, шығармашылықтары мен шеберліктерін жан-жақты көрсете білді.
Ә. Бөкейхан университетінен келген қонағымыз т.ғ.д., профессор Адильбаева Айгүл Серікқанқызы бастап төрағалық еткен әділқазылар алқасының шешімімен Павлодар педагогикалық университетінің «Зияткерлер» командасы І дәрежелі диплом иегерлері, Шәкәрім атындағы университеттің «Шәкәрім тұлпарлары» командасы ІІ дәрежелі диплом иегерлері, Еуразия гуманитарлық институтының «Тәуелсіз елдің жастары» командасы мен Семей медицина университетінің «Ұлы дала көшбасшылары» командалары ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды.
Олимпиада жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтай отырып, білім шыңын бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз.
ЖББП кафедрасы
[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]