Психологпен жүргізілген тренинг

Психологпен жүргізілген тренинг

2021 жылдың 22 қараша күні «Жалпы медицина» мамандығы 1103 топ студенттері университетіміздің психологы Асылбекова Әйгерім Мұхаметбекқызымен кездесу-тренинг өткізілді.

Психологиялық тренингтің басты мақсаты – адамның өзіне деген сенімділігін арттыру, ой-өрісін дамыту. Тренингтің ерекшелігі, бір-бірімізге деген сыйластықтың артуына, алға қойған мақсатымыз бен болашақ белестерге ұмтылуға мүмкіндік тудырады.

Тренинг барысында топ студенттері өздері жайында қызықты мәліметтерді баяндап, тренингтің қызықты өтуіне септігін тигізді. Психологпен кездесудің маңыздылығы – студенттерді үлкен өмірге бейімдеудің көрінісі деген түсінік қалыптасты.

Жалпы медицина мамандығы, 1103 топ жетекшісі Ыбыраева Ақбөпе ЖББП кафедрасының оқытушысы Н.Д. Аманбекова

Жарияланды: