Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған іс-шара

Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған іс-шара

2021 жылдың 29 қарашасында психиатрия кафедрасында «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Ұйымдастырушы: кафедра ассистенті, 3102 тобының кураторы Алтыбаева Г.К. Шараның басты мақсаты – Тұңғыш Президенттің басшылығымен жүргізіліп жатқан Тәуелсіз Қазақстанның негізгі реформаларының маңыздылығын өсіп келе жатқан ұрпаққа жеткізу. Семей қаласының медицина университетінің 3 курс студенттеріне психиатрия кафедрасының ассистенті Алтыбаева Г.К. құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде студенттерге 1 желтоқсанда бүкіл еліміз, барша Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мақтанышпен атап өтетінін айтты. Мерекенің басты мақсаты – Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің тұрақты дамуының іргетасына айналған Тұңғыш Президенттің қазіргі және болашақтағы идеялары мен саясаты төңірегінде пікір таласу. 3102 тобының студенті Ғазезова Балауса Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметі туралы баяндама жасады. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекетіміздің қалыптасуына, дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосты. 1991 жылы 1 желтоқсанда тарихта тұңғыш рет Қазақстан Президенті жалпы халық болып сайланды. Ал бүгінде Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясаты Тәуелсіз Қазақстанды Орталық Азия аймағында алдыңғы қатарға шығарды, ТМД халықаралық аренада таныла бастады. Студенттер белсенді түрде пікірталасқа түсті, сұрақтар қойды, Қазақстанның даму жолының бірегейлігі туралы жаңа білім алды.

Жарияланды: