1 Желтоқсан “ҚР Тұңғыш Президенті” күніне орай 30-қараша күні “Абайтану” клубы “Ел тұғыры – Елбасы” атты интеллектуалды сайыс өткізді. Сайыстың мақсаты Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Сонымен қатар, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Тартысты сайысқа 3 команда қатысып, өздерінің ұшқыр ойлары, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын паш етті. Алғашқы кезеңде Елбасының өмір жолынан сұрақтар қойылса, келесі кезеңде әлем президенттері, Елбасы жайлы түсірілген кинофильмдер және сазды әуенді табу сияқты викториналар ұйымдастырылды.
Үш кезеңнің нәтижесі бойынша 1-орынды “Үшқоңыр” тобы, 2-орынды “Тәуекел” тобы, 3-орынды “Президент”тобы иеленді. Қатысушылар сертификаттар және дипломдармен марапатталды.
“Абайтану” клубының жетекшісі: Жайрбаева Ж.Қ.
“Абайтану” клубының студенттік жетекшісі: Нұрахметова Ж.Б., Әшімова Е.Д.