2021 жылдың қараша айының 30-ында Семей медицина университетінің балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Кабдоллина Ж.У. «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс 4333 топ студенттерімен ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай тәрбиелік сағат өткізді. Осы мерекеге орай балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасында студенттерге арналған баяндама ұйымдастырды. Баяндамада Нұрсұлтан Әбішұлының кітаптары, кемеңгер басшымыз жайлы жазылған еңбектер, халқымызға арналған жолдаулары және т.б. еңбектері талданды.
Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен елімізде түрлі іс шаралар, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жүзеге асты. Елбасымыздың кемеңгерлік саясаты арқасында қазақ елі өзге елдерде таныла бастады. Ел іргесі, шекарасы нақтыланды, заңмен бекітіліп жеке Қарулы күштері құрылды. Елбасымыз қазақ халқы үшін аянбай қызмет етті. Сол себепті өскелең ұрпақтың, біздің студенттеріміздің тұңғыш елбасының сіңірген орасан зор еңбегін біліп, бағалағаны абзал.