07.12.2021 жылы ЖРВИ және тұмаудың алдын алу шаралары бойынша «Ересектердегі жұқпалы аурулар» циклын өтіп жатқан 5326, 5422, 5329 топ студенттерінің, 5434 кураторлық тобының, ЖТД 601 тобы интерндерінің қатысуымен онлайн режимде семинар өткізілді. Аталған семинар барысында жалпы медицина факультетінің 5434 тобының студенттері (кафедраның кураторлық тобы) «Тұмау және ЖРВИ: диагностикасы, емдеуі және алдын алу» атты баяндама жасады. Топ спикерлері ЖРВИ мен тұмаудың клиникасы, диагностикасы және алдын алу мәселелеріне, қауіп тобындағы адамдарда осы инфекциялардың ағымының ерекшеліктеріне тоқталды. Семинар соңында жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың алдын алуға тағы да баса назар аударылып, алдын алудың ең тиімді жолы вакцинация екені айтылды.
«СМУ» КеАҚ жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасы