Биыл Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Ел тарихы үшін маңызы зор мерейтойға орай, 2021 жылғы 9 желтоқсан күні Семей медицина университетінде «Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары – Семей медицина университетінің жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары.
Дөңгелек үстел жұмысына Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, “Nur Otan” партиясының депутаттары, тарих ғылымдарының докторлары Қымбат Байсарина, Бақыт Атантаева, Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Қайрат Сабырбаев, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ Семей медицина университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Жиын тарих ғылымдарының кандидаты, жалпы білім беретін пәндер кафедрасының доценті Майра Ибраемованың алғы сөзімен бастау алды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктер, елдің экономикалық-саяси дамуының кезеңдері, сыртқы және ішкі саясат, болашақтағы даму бағыттары туралы еркін түрде пікір алмасты.