Қызылша бүгінгі күнге дейін өзінің типтік клиникалық көрінісін және тыныс алу органдарының (пневмония, круп) жүйке жүйесінен (энцефалит немесе менингоэнцефалит) ауыр асқынулардың дамуымен жүреді.. Энцефалит пайда болған кезде өлім 10-20% ға жетуі мүмкін. Қызамық- жүктіліктің алғашқы 3 айында жұқса, ұрықта ауыр ақаулары жиі дамиды, ұрықтың өлімі болуы мүмкін. Ерте жастағы балаларды қызылша, қызамық сияқты бірқатар жұқпалы ауруларға қарсы егу маңызды. ДДСҰ мәліметтері бойынша 2016-2019 жылдар аралығында бүкіл әлемде қызылшадан болатын өлім-жітім 50% – ға өсті. 2020 жылы 22 миллионнан астам сәби қызылшаға қарсы екпе алмаған, бұл 2019 жылмен салыстырғанда үш миллионға артық. 42 елде әлі күнге дейін қызамыққа қарсы вакцинация енгізілген жоқ. 2017 жылдан бастап 2018 жылға дейін тіркелген желшешек саны 52997 құрады.
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының СҒҮ мүшесі, 4 курс студенті Мусабеков М, СҒҮ кезекті отырысында «Балалардағы бөртпе синдромымен жүретін аурулардың клиникасы, лабораторлы – дифференциалды диагностикасы» тақырыбында баяндама оқыды.