Жедел респираторлы вирустық инфекцияның алдын алу

Жедел респираторлы вирустық инфекцияның алдын алу

15 қараша  күні Семей Медицина Университетінің  Д.М Түсүпова атындағы педиатрия және реабилитология кафедрасының доцент қызметін атқарушы , доктор PhD Ахметжанова Динара Оралғазықызының бастамасымен педиатрия факультетінің  602 топ студенттері “Жедел респираторлы вирустық инфекцияның алдын алу” тақырыбында салауатты өмір салты бағыты бойынша гимназиямыздың 1″В”сыныбына танымдық ақпаратпен бөлісті.

Тұмау ауруы күзгі қолайсыз ауа райы мен қысқы салқынның ажырамас бөлігі іспетті. Осы кезеңде адамдарда тұмаурату мен жөтел, жалпы әлсіздік пен қызудың көтерілуі байқалады. Тұмау және басқа ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) несімен қауіпті? Тұмау және басқа да ЖРВИ жоғарғы тыныс жолдары, жүйке жүйесі, құлақ және жоғарғы тыныс органдарының зақымдануымен қауіпті. Асқынулар 3 жасқа дейінгі балалар арасында жиі
кездеседі, себебі олардың иммунитеті әлі де жетілмеген және жүйке жүйесі толық қалыптаспаған. ЖРВИ сырқаттану балалар арасында ересек адамдарға қарағанда жыл сайын 4-5 есе жоғары болады. Соның ішінде 5 жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ ауыр ағымда өтіп, асқынулар туындауы мүмкін. Респираторлы ауруларға шалдығу мүмкіндігі мектепке дейінгі балалар
мекемесіне және мектепке баратын балалар арасында жоғары, себебі үлкен
ұжымдарда инфекция тез таралады.

Тұмау – жоғары тыныс алу жолдары зақымдалу және уыттану белгілерімен
сипатталатын жұқпалы инфекциялық ауру. Ауру адамнан сау адамға жөтелген,түшкірген кезде ауа тамшысы арқылы беріледі.

Тұмаудың белгілері мыналар – тамақ ауруы, дене қызуының
көтерілуі, бас ауруы , сонымен қатар, бұлшық еттің ауруы, осыдан барып адам еңбекке уақытша жарамсыз болып қалады. А,В,С грипп вирусымен түр- түріне бөлінеді. Тұмау ауруы 5-10күнге дейін  созылып қайта өрбіп  асқынып
кетуі мүмкін. Асқынған  ауру  бактериалды инфекциялармен қозып
(отит,гайморит) ауруларына айналады.

 Тұмау және ЖРВИ алдын алу: баланы вирустан қалай сақтауға болады?

1.Вакцинация. Жылына бір рет, күз айларында, барлық жанұя мүшелерінің
тұмауға қарсы вакцина алуына кеңес беріледі. Жыл сайын біздің облысымызда ақысыз түрде тұрғындардың неғұрлым әлсіз топ өкілдері: балалар үйінің, сәбилер үйінің тәрбиеленушілері, мектеп – интернат оқушылары, қарттар үйіндегі адамдар, медқызметкерлер егіледі. Сонымен қатар осы жылдың қазан айынан бастап қаланың барлық емханаларында ақылы түрде тұрғындарға вакцинация жасалады;

2.Бетперде тағу 🙁 Автобустарда, ұжымдарда, жөтелгенде, түшкіргенде)

  • Бетпердені киер алдында қолды антисептикпен өңдеп шығыңыз немесе сабынмен жуыңыз
  • Бетперде мұрын мен ауызды жауып тұруы қажет, саңылау болмауы шарт
  • Қолғап кисеңіз де, бетпердені ұстауға болмайды
  • Ұстап қалсаңыз, қолды антисептикпен өңдеп шығыңыз немесе сабынмен жуыңыз
  • Бетперде дымқылданғаннан кейін оны ауыстыру керек, бір реттік масканы екінші рет киюге болмайды

3.Тұмауға қарсы витаминдік профилактика балалар мен ересек адамдардың
респираторлық вирустарды жұқтыруына тосқауыл болады. Респираторлық вирустарға қарсы тұруға жеке бас тазалығын сақтау және белсенді салауатты өмір салтыкөмектеседі, соның ішінде:

4.Жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабаты және тері жамылғысының
тазалығы (тамақты шаю, мұрын қуысын шаю, және тұрақты шомылу шаралары);

5.Қолды жиі сабындап жуу

  • Қолды ағынды сумен сулаңыз;
  • Суланған қолға молынан сабынды жағыңыз;
  • Қолдың барлық жағын, оның ішінде алақанның сыртқы жағын, саусақтардың арасын және тырнақтардың астын кемінде 40 секундтан 60 секундқа дейін мұқият жуыңыз;
  • Ағынды сумен мұқият шайыңыз;
  • Таза мата немесе бір реттік сүлгімен қолды құрғақ етіп сүртіңіз

6.Үйдің тазалығын сақтау – қоршаған орта әсерінен тұмау вирусы тез жойылады (тұрақты түрде бөлмелерді желдету және ылғалды тазарту, бөлме температурасын 20-24С және ылғалдылықты 30-35% аралығында ұстау);

7.Көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану;

8.Дене шынықтырумен, спортпен айналысу және организмді шынықтыру.

Жарияланды: