2021 жылдың 9-10 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының базасында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен бірлесе ұйымдастырған “биология, медицина және фармацияның даму перспективалары” атты жас ғалымдар мен студенттердің VIII ғылыми конференциясы өтті.
- Каппасов Амир “EORTC-мен ынтымақтастық: колоректальды қатерлі ісік кезіндегі өмір сүру сапасын бағалау үшін EORTC QLQ-CR29 Модулінің лингвистикалық валидациясы”баяндамасымен қатысты. Ғылыми жетекшілері: Жабагин К.Т., Жабагина А. С., клиникалық және радиациялық онкология кафедрасы.
- Ерлан Алмас Ерланұлы “Фертильді жастағы әйелдерде туберкулез эпидемиологиясы”баяндамасымен қатысты. Ғылыми жетекшісі: Чункаева Д.Д., Б.С. Буланов атындағы жүрек-тамыр және торакальды хирургия кафедрасы.
- Бакенов Еркебұлан Асқарұлы “Қазақстан Республикасында Туберкулезді емдеудің 2018-2019 жылдардағы нәтижелері”баяндамасымен. Ғылыми жетекшісі: Горковенко О.А. . Б.С. Буланов атындағы жүрек-тамыр және торакальды хирургия кафедрасы.
- Мұхтар Бауыржанұлы Мұсабеков “Өмірінің бірінші жылындағы балалардағы ішек инфекциясы ағымының ерекшеліктері”баяндамасымен қатысты. Ғылыми жетекшілері: Сутормина А.В., Эфендиев И. М., балалар жұқпалы аурулар кафедрасы.
Конференция барысында Амир Каппасов пен Алмас Ерлан үздік баяндамалары үшін дипломдармен марапатталды.