3 және 8 желтоқсанда «СМУ» КЕАҚ-да «Стоматология» мамандығының 1 курс студенттері арасында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша олимпиада өтті. Олимпиада симуляциялық технологиялар кафедрасының жетекшілігімен және «FAMS» студенттік жастар клубының қолдауымен өтті. Қазылар алқасының құрамында симуляциялық технологиялар кафедрасының оқытушылары Смагулова Жанар Исламовна мен Ковылина Регина Александровна болды.
Іс-шара студенттерді алғашқы медициналық көмек көрсету саласына оқыту сапасын арттыру, студенттердің алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеруге деген ынтасын арттыру, олардың кәсіби және жеке қасиеттерін ашу, сондай-ақ жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Олимпиада екі кезеңге бөлінген болатын. Бірінші кезең 3 желтоқсанда тестілеумен іріктеу арқылы өткізілді. Оған қатысқан 40-қа жуық адамның ішінен 18 адам екінші кезеңге өтті, және одан 6 команда жасақталды. Ол екі бөлімде өткізілді: біріншіден, сайыскерлер блиц-сауалнамада өз білімдерін сынады. Сұраққа жылдам жауап берген топқа ұпай берілді. Екінші кезеңде студенттер әртүрлі жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудің практикалық дағдыларын көрсетті: базалық жүрек-өкпе реанимациясы, эпилепсия кезіндегі алғашқы медициналық көмек, Геймлих әдісі және шина салу техникасы. Студенттер бар күш-жігерін салып, бар білімдерін көрсеткені байқалды. 10 желтоқсандағы екінші кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Сонымен, «Стоматологтар» командасы үздіктердің үздігі атанса, «Жедел жәрдем» және «Адреналин» командасы екінші орынды бөлісті, ал «Пульс» командасы үздік үштікті түйіндеді. Қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.