13.12.2021жылы «Психиатрия» кафедрасының ассистенті Алтыбаева Г.К. бастамасымен 3 курс 3102 ЖМФ топ студенттеріне арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздік күніне орай іс шара өткзілді. «Психиатрия» кафедрасының ассистенті Алтыбаева Г.К. Семей медицина университетінің 3 курс студенттеріне арнау сөзімен шараның шымылдығын ашып берді. Өз сөзінде 1991 жылдың 16 желтоқсан күні- Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекетік егемендігі және тәуелсздігі туралы заң қабылданғанын атап өтті.
Орталық Азия аймағының көшбасшысы – Қазақстан соңғы жылдары қарқынды дамуда. Қазақстан экономикасының айқын жетістіктерге жетуі экономикалық жүйені қайта құрумен тығыз байланысты. Тәуелсіз елімізде экнономикалық реформалардан бөлек, халықаралық аренада Республика абыройын арттыратын саяси реформалар да қабылданды. Қазақстан халықаралық және аймақтық ұйымдардың белді мүшесі ретінде,батыс және шығыс мемлекетерінің сенімді серіктесі ретінде де танымал.
Студенттердің назарына 3102 ЖМФ тобының старостасы Турсунгазина Айгерим ,бұл күннің Қазақсан Республикасының туған күні екенін баяндайтын толық мағлұматты презентация ұсынды.Осы жылдары «мемлекет» ұғымын өз Отаны – Қазақстан Республикасымен байланыстыратын ұрпақ өсіп келе жатыр.
Қазақстан Республикасы – тәуелсіз,демократиялық және құқықтық мемлекет. Біздің Қазақсан тек Азияның ғана емес, Еуразияның да мемлекеті. Біздің өз ерекше даму жолымыз бар!
3 курс студенттері қызықты ақпаратты үлкен қызығушылықпен тыңдап, белсенді түрде пікір таласқа түсіп,сұрақтарын қойып,оң бағаларын берді.